Ұлттық банкте 20 мың теңгелік купюра шығару талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық банкте 20 мың теңгелік купюра шығару талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"20 мың теңгелік купюраға қатысты айтсақ, қазіргі уақытта бұл мәселе талқыланып жатыр. Алдағы уақытта сіздерге бұл туралы айтып береміз", - деді Ақышев брифингте Tengrinews.kz тілшісіне жауап беру үстінде.
2013 жылы 20 мың теңгелік купюра жайлы қауесет тараған еді, тіпті оның дизайны да шығып жатты. Алайда оның шығу-шықпауы екіталай болды.
Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Қайрат Келімбетовпен қарым-қатынасы жайлы сұраққа пікір білдірген Ақышев былай деді: "Бізде әдеттегі жұмыс бабындағы қарым-қатынас. Ұлттық банк - бай әрі терең дәстүрі бар ұйым. Бізде Ұлттық банктің барлық басшыларымен қарым-қатынас жақсы. Мәселен, ұлттық валюта мерекесіне байланысты шараларға бұрынғы басшылар міндетті түрде шақырылады. Мұндай мәселе Ұлттық банкте тіпті талқыланбайды да".
Айта кетейік, бүгін ҚР Ұлттық банкінің басшысы Ақордадағы отырыста теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеуге уәде берді.