02 қараша 2018 12:08

Ұлттық банктегілер депозиттің жаңа түрлері жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ұлттық Банкі депозиттердің жаңа жеңілдетілген түрлері жайлы айтып берді. Бұл туралы "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ төрағасы Нұрлан Әбдірахманов "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Ұлттық Банкі депозиттердің жаңа жеңілдетілген түрлері жайлы айтып берді. Бұл туралы "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ төрағасы Нұрлан Әбдірахманов "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол 1 қазаннан бастап салымшыларға салымдардың үш түрі: мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдардың қолжетімді болғанын еске салды.

"Жаңа депозиттік желі әр салымшыға өзінің мұқтаждығына қарай қолайлы депозитті таңдауға мүмкіндік береді", - деді Әбдірахманов.

Оның айтуынша, жинақ салымы бойынша үш айға арналған сыйақы мөлшерлемесі 12 пайыз, ал 24 айдан аса салым бойынша 13,5 пайыз болуы мүмкін. Шетел валютасындағы депозиттердің кірістілігі өзгерген жоқ: шетел валютасындағы салымдар бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі 1 пайыздан аспайды, ол ұлттық валютадағы салымдардың кірістілігінен 10-13 есе аз.

Әбдірахманов нарықтың дамуына байланысты мерзімді және жинақ салымдар экономиканы, бизнесті кредиттеудің және тұтынушылық кредиттеудің өсуі үшін негізгі ресурс, ал салымшылар үшін жинақ немесе мерзімді салым жинақтарды орналастыру және кепілдік берілген жоғары кіріс алу үшін, оның ішінде банктік салым шартының мерзімі ішінде ақшаны пайдаланудың шынайы қажеттілігі болмаған жағдайда қосымша мүмкіндік екендігін, салымшыда банктік салым шартын мерзімінен бұрын бұзу құқығы сөзсіз сақталатынын атап өтті.

"Қазақстандық нарықта бұрын да мерзімінен бұрын алу бойынша шектеулері бар салымдар болған, бірақ дамыған елдердің тәжірибесі аталған шектеулердің заңнамалық деңгейде белгіленетінін куәландырады. Мәселен, Малайзияда заң банкке ұзақ мерзімді салымды мерзімінен бұрын алған кезде есептелетін сыйақының 50 пайызынан аса ақшаны ұстап қалуға мүмкіндік береді; Германияда жинақ салымын мерзімінен бұрын алған кезде сыйақыдан толық көлемде айырылады және айыппұл төлейді.Сингапур мен Израильде жинақ салымын мерзімінен бұрын алу құқығы көзделмеген", - деп түсіндірді ол.

Әбдірахманов жинақ және мерзімді салымдар пайда болғаннан бері нарықта салымшылардың әртүрлі топтарының міндеттеріне жауап беретін жағдайлар жасалғанын түсіндірді.

"Ақшаны иеленудің ұтқырлығы маңызды және салымның барлық мерзімі ішінде ақшаны пайдалануды жоспарлайтын салымшылар жинақтарын мерзімсіз салымдарға және салымды мерзімінен бұрын алумен байланысты шектеулер көзделмейтін талап еткенге дейінгі салымдарға орналастыра алады. Жинақтарын жоғарылатылған сыйақы мөлшерлемесі бойынша белгілі бір мерзімге орналастыруды жоспарлайтын, бірақ ақшаны ұтқыр жұмсағысы келетін салымшыларға мерзімді салымдар қолайлы болады. Ал ақшаны белгілі бір мерзімде жинауды ойлайтын және кепілдік берілген жоғары кірістілік және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан ең жоғары өтемақы алу маңызды болатындар жинақтарын теңгемен жинақ салымына орналастыру мүмкіндігін қарай алады», - деді "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ төрағасы.

Оның айтуынша, енді кез келген салымшы өзінің жеке қаражатын түрлендіре алады: банк карточкасы немесе мерзімсіз салым ақшаны пайдалануға және кез келген сәтте толықтыруға мүмкіндік береді, ал жинақтау және кіріс алу үшін жинақ не мерзімді салым ашуға болады.

Қазақстанда депозиттер бойынша жаңа мөлшерлемелер бекітілді

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети