28 сәуір 2017 | 10:31

Ұлттық қордың қаражаты азайып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

2016 жылы Ұлттық қордағы активтер бір пайызға, ал 2017 жылдың басынан бері 0,5 пайызға қысқарған, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары.


Иконка комментария блок соц сети

2016 жылы Ұлттық қордағы активтер бір пайызға, ал 2017 жылдың басынан бері 0,5 пайызға қысқарған, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары.

Сарапшылардың айтуынша, қаржы секторын тұрақтандыруға рекорд қаражат - 2,9 триллион теңге бөлінеді. Наурыз айының соңында бөлінген қаражаттың көлемі былтырға қарағанда 76 пайызға көбейіп, 590 миллиард теңге болған. Нәтижесінде Ұлттық қордың активтері қысқарып, басқарманың жаңа концепциясын ойлап табуға тура келген.

Сондай-ақ, сарапшылардың мәліметінше, Ұлттық қорды жыл сайын республика бюджетіне кепілді трансферт арқылы қаржы секторы тұрақтандырған. Ал жыл сайынғы трансферттің сомасы - 8 миллиард доллар. Сарапшылардың айтуынша, ол қаражат экономикалық жағдайға байналысты 15 пайызға ауытқып тұрады. Доллардағы трансферттің көлемі азайған бооса, соңғы үш жылда девальвация бұл соманы 67 пайызға дейін көбейтіп жіберген. Осылайша, 2016 жылдың соңында трансферт көлемі 2,1 триллион теңгеге жеткен.

2014 жылға дейін активтердің орташа өсу көлемі 31 пайыз болса, соңғы үш жылда активтер айтарлықтай қысқарған. 2017 жылдың наурызында Ұлттық қордағы активтер 62,6 миллиард доллар болған. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 13 пайызға дейін қысқарған.

Ал 2020 жылғы жаңа концепцияға сәйкес, республикалық бюджетке берілетін кепілді трансферт көлемі теңгемен - 2 триллион теңге деп белгіленді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети