Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның сыртқы қарызына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның сыртқы қарызына қатысты пікір білдірді © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Сенат отырысынан кейін Қазақстанның сыртқы қарызына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Сенат отырысынан кейін Қазақстанның сыртқы қарызына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыртқы қарызды Ұлттық банк санайды. Бірақ бұл біз жағдайды реттей алады немесе оған қандай да бір әсер ете алады деген сөз емес. Өкінішке қарай, біз нақты сандарды жариялаған кезде мұндай қарыздың қайдан шыққаны және Ұлттық банктің қайда қарап отырғаны жайлы сұрақтар пайда болады", - деді Ақышев.

Оның айтуынша, Қазақстанның сыртқы қарызы бойынша жағдай тұрақты.

"(...) Расында мемлекеттің қарызы аса үлкен емес, бірақ біз мұның үнемі бақылауда болуы керектігіне алаңдаулымыз. Ұлттық банк тек екінші деңгейлі банктердің сыртқы қарызына жауап береді. Бүгінде соңғы мәліметтерге қарағанда, банктердің қарызы 6-7 миллиард доллардан аспайды", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети