Ұлттық банктің ақпан айында қанша сомаға интервенция жасағаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банктің ақпан айында қанша сомаға интервенция жасағаны белгілі болды

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Парламент Сенатының кеңейтілген отырысында ақпанда нарықтағы интервенция көлемі қандай болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Парламент Сенатының кеңейтілген отырысында ақпанда нарықтағы интервенция көлемі қандай болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақпанның соңында салық төлемі кезінде Ұлттық банк нарықта шетел валютасына сұраныстың көп болуынан валюта сатып алуға мәжбүр болды. 2016 жылы ақпанда Ұлттық банктің валюта сатып алу формасындағы интервенциясы 474 миллион долларға, яғни 2,4 миллиард доллар сауда көлемінің 20 пайызына тең болды. Яғни, Ұлттық банк валюта сатып ала отырып, алтын-валюта қорын толтырып алды. Болжам бойынша, 2016 жылдың ақпанында Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 2,8 пайызға ұлғайып, 27,7 миллиард долларды құрады", - деді Ақышев.

Ол Ұлттық банктің айырбас бағамының еркін ауытқу саясатын ұстана беретінін жеткізді.

"Бір жағынан бұл алтын-валюта активтерін сақтауға, екінші жағынан отандық тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестікті қолдауға көмектеседі. Айырбас бағамының еркін ауытқу шарттары кезінде сыртқы факторлардың, оның ішінде мұнай бағасы мен Ресей рубліне байланысты бағам күнделікті өзгеріп отырады. Сонымен қатар, ішкі факторлар да бұған әсер етеді. Дегенмен бұл саясат ішкі тұрақтылық сақталмаған кезде кенеттен девальвация болудан сақтайды. Яғни біз Ұлттық банктің бағамды бір деңгейде ұстап, жағдай өзгерген кезде кенеттен девальвация жасауға мәжбүр болу тәжірибесінен өтуді доғардық. Ұлттық банк бағамның кенеттен өзгеруінің алдын алу құқығымен валюта нарығына қатыса отырып, еркін айырбас бағамы саясатын ұстануды жалғастыруға ниетті", - деді Ұлттық банктің төрағасы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети