12 ақпан 2014 | 15:44

Валюта айырбастау бекеттері жабылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Ұлттық банк күні-түні жұмыс істейтін валюта айырбастау бекеттерінің қызметін қолдамайды. Себебі ондай жерлерде ашықтық жоқ. Олар арқылы өтетін қыруар қаражат бақыланбайды. Сондықтан ондай бекеттер тек банктердің жанында ғана қызмет көрсетуі тиіс, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетовке сілтеме жасап. "Соңғы 20 жыл бойы біздегі валюта айырбастау бекеттері күні-түні жұмыс істейді. Енді, ойланып көрейікші, өз табысын жасырмайтын адам үшін түнде барып, долларды теңгеге айырбастаудың қандай қажеті бар? Не үшін?", - дейді бас банкир. Оның ойынша валюта айырбастау бекеттері тек банктердің жанында ғана қызмет көрсетуі тиіс. "Біз онымен біреудің бизнесін алып қояйық деп отырған жоқпыз. Олар өздері банктермен бірлесіп, валюта айырбастау желілері ретінде жұмыс істеуі тиіс. Біз кімнің қанша ақша сатып алып жатқанын, ол заңды ма, заңсыз ба, бәрін көруіміз керек. Міне, дәл осы жұмысқа біз қазір кірісетін боламыз. Өйткені, бұндай "қоздырғыш" бекеттер істей берсе, девальвация кезінде шектен шыққанан алып-сатарлыққа жол беріле береді. Ондай жағдай бүгін-ертең бола жатар. Алайда болашақта біз бұл мәселені толығымен шешетін боламыз. Себебі басқа бір мемлекетке барғанда, сіз қандай да бір валютаны түнде тек әуежай, қонақ-үй сияқты арнайы жерлерде ғана айырбастай аласыз. Оның барлығы заңды. Бізде болса, ашықтық жоқ. Бұл жүйе ескірді. Сондықтан біз оны өзгерту бойынша тиісті ұсыныстарды жасайтын боламыз", - деп атап көрсетті Қ.Келімбетов.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети