10 қаңтар 2018 | 18:01

Ынтымақты зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар қанша пайызға өсті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2018 жылы ынтымақты зейнетақы 8 пайызға, әлеуметтік жәрдемақылар 16 паыйзға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РrimeМinister.kz сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

2018 жылы ынтымақты зейнетақы 8 пайызға, әлеуметтік жәрдемақылар 16 паыйзға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РrimeМinister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, орташа зейнетақы шамамен 72 мың теңге болды.

Биыл азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыр үшін 1,9 трлн-нан астам теңге қарастырылып отыр.  

Оған қоса, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілін және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін ескере отырып, базалық зейнетақыны тағайындау әдісін өзгерту жоспарлануда. Мұндай өзгеріс базалық зейнетақының өсімін орта есеппен 1,8 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осыған орай, 2018 жылы 1 шілдеден бастап зейнетақының орташа мөлшері базалық зейнетақыны ескергенде шамамен 82 мың теңге болады.

Бұдан өзге, 2018 жылы бала туылуына байланысты жәрдемақы мөлшері өзгереді. Осылайша, бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы 91 930 теңге, ал төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 151 515 теңге болады. Бұл мақсаттарға республикалық бюджетте 40,2 миллиард теңге қарастырылған.

2018 жылы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 36,8 млрд теңге қарастырылады және жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай бірінші балаға 13 853 теңгеден (16 379 теңге - екінші балаға, 18 880 теңге - үшінші балаға)  21 405 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) беріледі.   

Айта кеткен жөн, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында жарналары бар және күтімінде бір жасқа толғанға дейін баласы бар жұмыс істейтін әйелдер табысынан айырылып қалған жағдайда, оларға әлеуметтік төлем жасалады. 2014 жылдың басынан бастап, жұмыс істейтін әйелдер үшін бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста жүргенде, міндетті зейнетақы жарналары субсидияланады, бұл жинақталған зейнетақы қаражатының ұлғаюына ықпал етеді. Республикалық бюджеттен субсидиялауға жалпы көлемі (2014-2017 жылдар аралығы) 16,5 миллиард теңге жұмсалды.

"Өзгерістер мүмкіндігі шектеулі адамдарға және олардың күтіміне арналған жәрдемақыларға қатысты болды. Өткен жылы 255,9 млрд теңге мүгедектігі, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар төлеміне бағытталды. 2018 жылы аталған әлеуметтік қолдау үшін қаражат көлемі 326,8 миллард теңге болады. ҚР ЕХӘҚМ мәліметінше, 2018 жылы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға төленетін жәрдемақы мөлшері 15,6 пайызға артып, 29 699 теңгені құрайды. Барлығы аталған жәрдемақы түріне 2018 жылы республикалық бюджеттен 29,9 миллиард теңге қарастырылған", - делінген хабарламада.  

2018 жылдың басындағы жағдай бойынша, мүгедектерге берілетін жәрдемақы көлемі орташа есеппен 33 087 теңге, асыраушысынан айрылғандар үшін - 31 334 теңге, жасына қатысты - 12 719 теңге болды. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушылар саны 518 мыңнан астам, асыраушысынан айырылған - 168 мыңнан астам, жасына байланысты -1 мыңнан астам адам.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети