Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағынан ерте бастан қаражат алу ұсынысы жайында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағынан ерте бастан қаражат алу ұсынысы жайында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Тікелей жарналардың бір бөлігін пайдалану ұсынылды. Біріншіден, жұмыс істеп жүрген азаматтар барынша аз жеткілікті сомадан асатын жинақталған жарналарды алуы туралы ұсыныс. Екінші санат - зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалар. Біздің ұсынысымыз бойынша, сол жердегі жинағының 50 пайызын ала берсе дейміз. Бір ғана шартпен: ол кісінің жинақтаушы қорында қалған ақшасы және мемлекет тарапынан алатын базалық зейнетақысы мен еңбек зейнетақысын қосқанда, ең аз дегенде табысының 40 пайызынан төмен болса деген шартпен берілді", - деді Біржан Нұрымбетов.
Қазақстанда зейнетақы жинағын ерте алудың 4 жолы бар - Түсіндіреміз
"24 қаңтар күні президент өз пікірін айтты, алғашқы маңызды қадам жасалды деді және біздің мақсат жинақтардың бәрін таратып беру емес, азаматтардың қарттығын қамтамасыз ету, жалақыларын көлеңкеден шығару деді. Үкімет пен ұлттық банкке кезеңімен осы мүмкіндікті беруге болатын азаматтардың ортасын кеңейту керегін айтты", - деді министр.
2019 жылы қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың өз зейнетақы жинақтарын пайдалануы туралы мәселені пысықтауды тапсырған еді. Жинақтарды пайдалану үшін мысал ретінде Президент сол кезде тұрғын үй сатып алуды және білім алуды атаған.
Зейнетақы жайлы қазақстандықтар сенетін 5 жаңсақ пікір