23 қазан 2018 | 09:34

Зейнеткерлерге БЖЗҚ бойынша өтемақы берілетіні жайлы жалған хабарлама таралды: ХҚКО-ларда шу шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері ХҚКО-лардағы ақшалай өтемақы жайлы хабарламаларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері ХҚКО-лардағы ақшалай өтемақы жайлы хабарламаларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Зейнет жасындағы ата-анасы, туыстары және таныстары барлардың назарына! Қазіргі уақытта мессенджерлерде зейнеткерлерге ақшалай өтемақы алу үшін ХҚКО-ға бару қажеттігі жайлы жалған хабарламалар тарап жатыр. Бұл жалған мәлімет. БЖЗҚ өкілдері бұл хабарламаларды екі рет жоққа жоққа шығарған болатын", - деді мемлекеттік корпорацияның қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай.

Ол республика бойынша барлық ХҚКО-да, әсіресе, Астана, Алматы, Шымкент, Алматы облысында осындай жалған хабарламалардың өте көп тарап жатқанын айтып өтті.

"Осы жағдайды түсіндіру үшін және зейнеткерлердің ХҚКО-ға бос келмеуі үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мынаны хабарлайды: ХҚКО-ға келудің қажеті жоқ, мұнда ешқандай да өтемақы берілмейді", - деп түсіндірді Жұманбай.

Мемлекеттік корпорацияның өкілдері өтемақының бар екенін, бірақ ол хабарламаларда айтылып жатқан өтемақы емес екенін нақтылады. 

"Адам зейнетке шыққанда табысы оның жеке зейнет шотында есептеледі. Онда инфляциялық жағдай да ескеріледі. Зейнетақы жинағының мөлшері инфляция деңгейінен төмен болса, мемлекет ол айырмашылықты есептеп, өтемақы береді. Зейнет жасына келгендерге берілетін өтемақы мемлекеттік кепіл негізінде ешбір өтінішсіз қаралады", - деді Жұманбай.

Ол зейнетақы төлеміне қатысты өтемақы мен ондағы айырмашылықты Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығының анықтайтынын айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети