Менің өмірім ит өмір«Адамның тағдыры өз қолында» дегенді бала күнімде газеттен оқығаным есімде. Жасым 30-ға келгенше сол тағдырдың мәні тез байып кету деп қана ұғыппын. Мектепті кілең беске оқымасам да, төрттіктің дәл ортасында жүрдім.
Біз неге қазақша емес, арабша амандасамыз?Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ ұлттық құндылықтарымен бірге қатар ата-баба ұстанған дінімен де қауышты. Құдайға шүкір, бүгіндері еліміздегі мұсылман қауым халқымыздың 70 пайызын құрайды. Осыған байланысты діни мерекелер де қайтадан жаңғырып, мәселен Ораза айтын демалыс күндері де етіп алдық.
Қазақ ғылымы қағазбастылықтан қашан құтылады?Бүгінде «Болашақ» бағдарламасымен жастарымыз дамыған елдерде білім алу мүмкіндігіне ие болып отыр. Одан бөлек, магистратура және PhD докторантура бойынша оқып жатқан жастар шетелде тәжірибе алмасып қайтатындығы да қуантарлық жетістігіміз. Алайда, осы шетел көрген жастарымыздың бойында қазақ ғылымының болашағына сенімсіздікпен қарау басым.
Оралманның айы оңынан туа ма?Екі күннен бері қазақ ақпарат құралдары бір-бірінен сүйінші сұрасып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тамыздың 6-сы күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Сырттағы отандастарымыздың келуіне жол ашып, олардың ел ішінде орналасуына жағдай жасауымыз керек» деген мәлімдемесімен қуана бөлісіп жатыр.
Жеңгем – ұры...«Алаш айнасы» интернет газетінің «Отбасы – ошақ қасы» айдарын өте қызыға оқимын. Бірінен жиренсем, енді бірінен үйреніп, сабақ алуға болады. Ішіңе түйіншек боп түйілген сырыңды сыртқа шашып, ортаға тастасаң жеңілдеп қаласың дейді ғой.
Адамды малша саудалағандарға зауал бар ма?Етек жайған көп қылмыстардың қатарына «адам саудасы» келіп қосылды. Кәдімгідей толыққанды қылмыс ретінде төбе көрсетіп, қара көбейтiп үлгiрдi. Ресми, бейресми деректерге жүгінсек, «былтырғы жылдары 231 қылмыстық іс осы адам саудасына қатысты қозғалған.
Адамдары жақсы жаққа көшіп кетейікші......Бір емес бірнеше жетім бала асырап алған ресейлік азаматша Ольга Синяева түсірген «Блеф или Сновым годом» деректі фильмі жаңа туынды. Оның төңірегіндегі пікірталас әлі қызу. Бір айта кетерлігі, ерекше назар аудартқан бұл еңбек жүрегі түктінің өзін жібітпей қоймаса керек.
Жаттың жалауын желбіреткендерді де жазалау керекМемлекеттік туды қоқыстың бетін жабуға пайдаланған жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты шешім шықты. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мемлекетті рәмізді қорлаған азаматқа 370 400 теңге айыппұл салды, - деп хабарлайды «Алаш айнасы» ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балаларым үшін жеңіл жүріске түскен жоқпынМенің тағдырым өзім секілді мыңдаған қыз-келіншектердікімен ұқсас. Сүйіп қосылған жарыңның сатқындығын білу, ажырасу, содан кейін ұл-қызымды қалайда жеткізсем деп жанталасу, сөйтіп өз өміріңді бала-шағаңа ғана арнау бұл талай қазақ әйелінің басындағы жағдай.
Қазақтың табысы ителгінің қанатында, ақбөкеннің мүйізінде екенОсыдан біраз жылдар бұрын оңтүстік жұрты үшін ақбөкеннің еті нағыз деликатес болатын. Қолында қаруы бар аңшы біткен Бетпақдаланың қуыс-қойнауының бәрін тінтіп, ақбөкендерді қынадай қырып біткен-тін. Қан сасыған далада үйілген өлекселер мен тау болып мүйіздері қалды.
Бастығым қырындап жүр...Мұндай жағдай «Қызметтестер хикаясы» сияқты фильмдерде ғана кездесетін сияқты еді. Бірақ кинода ғана емес, өмірде де осындай жайттардың жиі орын алатынына көзім жетіп отыр.
Өзбектің тойы – би жарыс, қазақтың тойы – жиналыс...Той өміріміздің құрамдас бөлігіне айналып кетті ғой. Отбасындағы қуанышты жиын жасап көппен бөліскеннің, ағайын-туыс, құда-жекжат, көрші-көлемнің шұрқыраса келіп дастархан басында тоқайласқанының әсте ерсілігі жоқ.
Жер сілкінісі: Алматы зілзала үрейінен арыла ала ма?Тамыздың 16-сы күні таңғы сағат 3:43-те Алматыда жер сілкінді. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметіне сүйенсек (EMSC), жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 40 шақырым шығысқа қарай, Талғар қаласынан 25 шақырым қашықтықта тіркеліпті.
Ресей сарапшылары қазақтың ішер асын неге санамалады?Кеше Ресейдің «Стандарт» әлеуметтік-экономикалық консальтингтік-зертеу орталығының экономист-сарапшысы Олег Лурьев твиттердегі парақшасында қазақ халқының шамамен ай сайын қанша келі ет, қанша литр сүт, қанша бөлке нан тұтынатынын бір мәрте есептеп көрмек болғандарын жазды.
Алтын өндірісіндегі алпауыттарға бақылау қажетКешелі бері АҚШ-тың «Spectral Capital Corp» компаниясы Қазақстан территориясындағы ірі алтын-мыс кен орнын игеру жобасының пайыздық үлесін арттырғаны бізге белгілі болды. Аталмыш компания бұдан былай алтын өндіру үшін елдегі ірі компаниялардың бірінің 65 пайыздық акция құрамына иелік етпек.
Сақау жарнама, самарқау қожайынҚазіргі кезде кейбір мекеме, ұжымның, кәсіпкерлердің көрнекі ақпарат, жарнама атауларының жазылуында көптеген көз сүріндірер кемшіліктерді байқаймыз.
"Жабық тақырыпты" жасырып жапқанымызбен тапқан пайдамыз шамалы...Бұрынғының қыздары мектеп бітіргенге дейін «сүйіссе аяғы ауырлап қалады-мыс» деген қорқынышпен (әлде қараңғылық) бойжетсе, бүгінгі қатыгез қоғамның қағынған қыздары баланы капустаның арасынан тауып алмайтындығын, баланың қалай пайда болатынын бесіктен белі шықпай жатып-ақ беске біледі. Жыныстық тәрбие қазақ қоғамы үшін беріге дейін жабық тақырып болып келгені аян.
Ақ Олимпиада Алматыда өтуі әбден мүмкінХалықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) қысқы Олимпиаданы өткізуге Бейжің басты фоварит, ал Алматы аутсайдер деп отыр. Осы орайда «Алаш айнасының» тілшісі Алматының аутсайдер емес, анық фоварит екенін анықтады.
Ұсқынсыз ескерткіш жасағандарды неге соттамаймыз?Біздің ел өңірлері бір-бірімен жарыса ескерткіш сала бастағандарына біраз уақыт болды. Жоспарды уақытында орындап, мемлекеттен осы негізде бөлінген қаржыны мақсатты игерген жергілікті атқамінерлер, сөз жоқ, жоғарыдан өздеріне лайық мақтауларды алып жатқан болар.
Көріпкелдер неге қауіпті?Өз басым көріпкел, құмалақшы дегенге сенбейтін адам едім. Бірақ енді оған сенетін болдым. Әрине, аһ ұрып, бірден бас ұрмадым. Алдымен зерттеу жүргіздім. Нәтижесінде көріпкелдік бары расталды.