Жарнама көрейін десем кино «бөгет» жасап жүрБұрын «үйімізде, төрімізде портретте тұрған кім?» дегенге «ол – Ленин бабамыз» десек, қазір үй де емес, ауыл да емес, бүкіл әлемнің төрінен ойып тұрып орын алған жарнама десек, жаңылыспасбыз. Жарнама десе, Жанатбек есіме түседі, себебі ол бірде: «енді бір рахаттана жарнама көріп келе жатсам, жылт-жылт етіп кино шыға келеді» деген еді.
Қызылжар үшін қызылкеңірдек болуға әр қазақтың қақысы бар!Қазақ бола тұра Кеңес заманында туылып, Света, Ирина, Марина атын ғұмырының соңына дейін алып жүруге мәжбүр қазақтарды түсінуге болатын шығар. Алайда бір заманда Патшаның әмірі, қала берді «қызылдардың екпінімен» жазықсыздан жазықсыз орысша атанып кете барған қазақ жерлері ше?
Доллар қымбаттай ма, жоқ па?Бірнеше жылдан бері тұғырынан таймай тұрғанАҚШ доллары өткен жылдың мамыражай жазында бағаны бір аунатты. Сөйтіп, біздің ұлттық валютаға шаққандағы құны біршама көтеріліп, 149,42-ден 153 теңгеге бір секірді. Алайда сол жолы Ұлттық Банк басшылығы байсалдылық танытып, байбалам салғандарға басу айтумен ғана шектелді.
«Бригада» бүлдіріп барадыБүгінгінің бұзықтары көшеде төбелескенді қойып, интернетте «ерегісетінді» шығарыпты. Жуырда ғана өрімдей бозбаланың өліміне әкеп соқтырған сорақылықтың басы да дәл ғаламтордан бастау алған-ды. Ғаламтордың «ғажайыбынан» тәлім алған жас жігіттер әуелі сол желіде есеп айырыспақ болыпты.
Мигранттар да салық төлейді, декларация тапсырады, бірақ бұл қаншалықты тиімді?Енді елімізге үй шаруасында жұмыс істеуге келетін мигранттар табыс декларациясын тапсырады, қазынаға салық төлейді. Ел үкіметі осылайша мигранттарды қатаң бақылауға алмақ. Еліміздің «Еңбек-көші қон» Заңына енгізілген өзгертулер мен түзетулер осыған үндеп отыр.
Қызтекелер неге көбейіп барады?Ауыр болса да айтарымыз, қазіргі таңда жұмыр басты пенде адами қасиеттен ада болып барады. Басқасын былай қоялық, Жаратушы иеміздің жасаған болмысына қарсы тұрғысы келетін адамдар баршылық.