Абай облысы полициясының басшысы тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысы полициясының басшысы тағайындалды Фото:polisia.kz

Бектөре Сұлтан Абай облысының ПД басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бектөре Сұлтан Абай облысының ПД басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Президент Әкімшілігімен келісе отырып, ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығы бойынша полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан Абай облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Полиция департаментінің жаңа басшысын жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сәденов таныстырды", - делінген хабарламада.

Бектөре Сұлтан 1974 жылы 2 наурызда Шымкент облысы Түлкібас ауданы Ванновка ауылында дүниеге келген. 1995 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебін, 2003 жылы ҚР ІІМ Академиясын бітірген. Білімі заңгер, ішкі істер органдарының басқару саласының магистрі.

Құқық қорғау органдарында 1991 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді, қызметтік міндеттерін Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ тергеушісі қызметінен бастаған. Қызмет еткен жылдары түрлі басшылық лауазымдарда, оның ішінде Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының ІІД бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 2019 жылдан бастап Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети