Ақтөбеге жаңа әкім тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеге жаңа әкім тағайындалды Фото:gov.kz

Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды. Ол - Азамат Бекет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды. Ол - Азамат Бекет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының келісімі бойынша Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өкімімен Азамат Бауыржанұлы Бекет Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Азамат Бекет - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің және Экономика және құқық академиясының түлегі.

2016 – 2018 жылдары Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.

2018 – 2020 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болып еңбек еткен.

2020 – 2021 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан Ақтөбе облысының Хромтау ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети