Әлібек Жамауов энергетика вице-министрі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлібек Жамауов энергетика вице-министрі болды Фото: үкіметтің баспасөз қызметі

Әлібек Жамауов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлібек Жамауов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Әлібек Жұмабекұлы Жамауов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Әлібек Жамауов 1981 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Сүлейман Демирел атындағы университетті, Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Аgip Kazakhstan Caspian Operating компаниясының кіші кеңесшісі болып бастаған.

2006-2009 жылдары – Аgip Kazakhstan Caspian Operating компаниясының кеңесшісі, супервайзері.

2009-2015 жылдары – "Жамбыл Петролеум" ЖШС менеджері.

2015-2019 жылдары – "Жамбыл Петролеум" ЖШС атқарушы директоры.

2019-2020 жылдары - "PSA" ЖШС техникалық тобының басшысы.

2020 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "PSA" ЖШС бас директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети