06 сәуір 2022 18:21

Алмат Әбдікешов Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аппаратының басшысы болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Алмат Әбдікешов ЭГТРМ аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.


Алмат Әбдікешов ЭГТРМ аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Алмат Жанболатұлы Әбдікешов ЭГТРМ аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Алмат Әбдікешов 1984 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы "Қазақмыс" корпорациясы Жезқазған тау-кен металлургия комбинаты" АҚ "Анненск" кенішінде бірінші разрядты өтушінің жерасты шәкірті лауазымынан бастады.

2007-2010 жылдары - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтер атқарған.

2010-2012 жылдары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры.

2014-2016 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры.

2016-2018 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Адам ресурстарымен жұмыс департаментінің директоры.

2018-2021 жылдары - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары.

2021 жылғы наурыздан бастап қазірге дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети