Алматы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметіне Ерлан Исабеков тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ерлан Шойұлы Исабеков Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, «Болашақ» бағдарламасымен Джорджтаун университетін (АҚШ) бітірген. Қолданбалы математика және экономика мамандықтары бойынша магистр дәрежесі бар.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы № 131 мектеп-лицейінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2000-2002 жылдары Мемлекеттік кірістер министрлігінде қызмет атқарды. 2002-2008 жылдары - Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінде жұмыс істеді.

2008-2009 жылдары Премьер-Министрдің кенсесінде қызмет атқарды.

2009-2015 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде басшылық лауазымдарда қызмет етті.

2015-2018 жылдары Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.

2018-2023 жылдары Ақмола облысы Егіндікөл ауданының және Жетісу облысы Қаратал ауданының әкімі болды.

Осы тағайындауға дейін Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети