Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Алматы әкімдігі Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

"Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Алматы әкімінің орынбасары болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды", - делінген хабарламада.

Азамат Қалдыбеков 1984 жылы 11 қазанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша бітірген, Болашақ бағдарламасы бойынша Дьюк университетінде (Солтүстік Каролина, АҚШ) құқық магистрі дәрежесін алған, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде философия докторы (Phd) ғылыми дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 аудандық сотының жетекші маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары ҚР Ұлттық банкі, "Самұрық-Қазына" АҚ, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ құрылымдарында жұмыс істеген.

2018 жылы Алматы әкімінің бас инспекторы болды. 2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың наурызына дейін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. 2019 жылдың наурыз-қазан аралығында Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етті. 2020 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылы Бірінші президенттік жастар кадрлық резервіне енді.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro