Алматыда аудан әкімдері ауысты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда аудан әкімдері ауысты

Алматы аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

"Кадр мәселелері жөніндегі кеңес барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚР Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша қала әкімінің өкімімен лауазымдарға тағайындалған аудандардың жаңа әкімдерін ұжымға таныстырды", - делінген хабарламада.

Наурызбай ауданының әкімі болып Назира Тоғызбаева тағайындалды, ол 2021 жылдың қаңтарынан бастап Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

Әуезов ауданының әкімі қызметіне Абзал Егембердиев тағайындалды. 2022 жылдың тамызынан бастап Егембердиев қаланың Мемлекеттік активтер басқармасын басқарған.

Бостандық ауданының әкімі Санджар Алин болды. Бұған дейін ол Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Алмалы ауданын Айдар Жақыбаев басқарады. 2023 жылдың қаңтарынан бастап Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болған.

Суреттер: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети