Алматыда бұрынғы аудан әкімі білім басқармасына басшы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бұрынғы аудан әкімі білім басқармасына басшы болды Фото: Алматы әкімдігі

Алматы Білім басқармасының басшысы болып Сайран Сайфеденов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы Білім басқармасының басшысы болып Сайран Сайфеденов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімі бойынша, Сайран Сайфеденов білім басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Сайран Сайфеденов 1974 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін, Алматы үздіксіз білім беру университетін, Қазақ жол және қатынас университетін бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы бастаған.

Алмалы ауданы әкімінің аппаратында, сондай-ақ қала әкімінің аппаратында жұмыс істеді, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, Наурызбай ауданының әкімі лауазымдарын атқарған. Әр жылдары Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары, Әуезов ауданының әкімі болып жұмыс істеді. 2023 жылғы мамырдан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети