Алматыда Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы болып Олжас Төлебаев тағайындалды", - делінген хабарламада.
Олжас Болатұлы 1988 жылы 29 қазанда Алматы облысы Алакөл ауданының Үшарал қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын, 2020 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы Алматыда "Ауыл Құрылысы" ЖШС-інде шебер болып бастап, онда инженер, бас директордың орынбасары қызметін атқарды.
2012 жылдан бастап мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау органдарында әртүрлі қызмет атқарған.
2016-2019 жылдары Алатау және Бостандық аудандарында қайта жоспарлау, реконструкциялау, сонымен қатар сәулет-құрылыс бақылауын бақылау бөлімшелерін басқарған.
2020 жылдан бастап Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!