Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
"Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов ұжымға Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Ол аталмыш басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған Алтынбек Ахметов болды", - делінген хабарламада.
Алтынбек Жанатұлы - Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін "Қалалық кадастр" мамандығы бойынша (2006 жылы), Торайғыров университетін "Сәулет" мамандығы бойынша бітірген (2023 жылы).
- Еңбек жолын "Астанагорархитектура" ЖШС топогеодезия бөлімінің техник-геодезисті қызметінен бастаған, Астана/ 2005 жылы;
- "АстанагорНПЦзем" ЕМК технигі Астана / 2006 жылы;
- "Астана қаласы жер қатынастары басқармасы" Жер кадастры бөлімінің бас маманы, басшысы, / 2007-2013 жылдар;
- "Астана қаласы жер қатынастары басқармасы" басшысының орынбасары, /2013-2015 жылдар;
- "Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының" басшысы, /2016-2019 жылдар.
- 2023 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары.
Нұрлан Жаңбыршыұлы жаңа басшыға сәттілік тілеп, елорданың сәулет саласын дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!