Антикордың Шымкент қаласы бойынша жаңа басшысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикордың Шымкент қаласы бойынша жаңа басшысы тағайындалды Шаттық Утеев

Шаттық Утеев Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шаттық Утеев Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұжым қызметкерлеріне жаңа басшыны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Мақсат Қожабаев арнайы таныстырды", - делінген хабарламада.

Шаттық Тынымбайұлы 1971 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.

1999-2001 жылдары - Маңғыстау облысы бойынша Салық полициясы комитеті басқармасының инспекторы.

2001-2002 жылдары - Маңғыстау облысы бойынша қаржы полициясы департаменті экономикалық қылмыстарды анықтау басқармасы екінші бөлімінің аға инспекторы.

2002-2014 жылдары - қаржы полициясы органдарында қызмет атқарған.

2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы.

2016-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды қаласы бойынша департаментінің басшысы.

2018-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Еңбек жолында Шаттық Тынымбайұлы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  4 департаментінің басшысы лауазымын атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети