Арман Мансұров Қарулы Күштердің Тыл бастығы болып тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Мансұров Қарулы Күштердің Тыл бастығы болып тағайындалды Фото:gov.kz

Арман Мансұров ҚР Қарулы Күштерінің Тыл бастығы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Мансұров ҚР Қарулы Күштерінің Тыл бастығы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

"Қорғаныс министрінің бұйрығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша полковник Арман Мансұров ҚР Қарулы Күштерінің Тыл бастығы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Арман Нұрланұлы – Петропавл жоғары әскери училищесінің түлегі. 2010 жылы Санкт-Петербургтегі армия генералы Хрулев атындағы Тыл және көлік әскери академиясын және 2018 жылы Мәскеудегі Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

Батальонның әскери-шаруашылық жабдықтарының бастығы, полк қызметінің бастығы, құраманың бастығы, полк және бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары, "Шығыс" және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылықтары қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

Арман Мансұров Қарулы Күштердің Тыл бастығы лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети