Әсел Жанасова "Қазпошта" басшысы болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әсел Жанасова "Қазпошта" басшысы болды

"Қазпошта" АҚ басқарма төрайымы болып бұған дейін сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарған Әсел Жанасова тағайындалды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының Telegram-арнасы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазпошта" АҚ басқарма төрайымы болып бұған дейін сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарған Әсел Жанасова тағайындалды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының Telegram-арнасы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тағайындау туралы шешімді "Самұрық-Қазына" қорының басқармасы қабылдағаны хабарланды.

Еске салайық, бұған дейін Әсел Жанасова сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған. Кембридж университетін бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы ENRC Kazakhstan өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы болып бастаған.

2016-2017 жылдары - "Зерде" ҰБХ" АҚ басқарма төрайымы.

2018-2020 жылдары - "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.

2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети