Әсел Жанасова сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әсел Жанасова сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды Фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес Жанасова Әсел Жұбанышқызы ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес Жанасова Әсел Жұбанышқызы ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған.

2010 жылы ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша Кембридж университетін, 2014 жылы Кембридж университетінің магистратурасын, М. Ломоносов атындағы ММУ-ді "Executive Management" бағдарламасы бойынша бітірген.   

2010 жылдан 2014 жыл аралығында Лондон қаласындағы Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясында ақпараттық технологиялар маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі департаментінің директоры болып еңбек етті.  

2014-2016 жж. аралығында ҚР Ұлттық банкінің "Банктік сервис бюросы" РМК директорының кеңесшісі, ҚР Ұлттық банкінің Цифрлық технологиялар департаментінің директорының орынбасары болды.  

2016-2017 жж. — "Зерде" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрайымы. 

2017-2018 жж. —  "Астана" Халықаралық қаржы орталығының басқарушысының кеңесшісі.

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін "Астана" Халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети