Әсет Исекешев Президент көмекшісі болып тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылсын", - делінген жарлықта.

Исекешев 2020 жылғы 16 қаңтарда Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалған болатын.

Исекешев 1971 жылдың 17 тамызында туған. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің заң факультетін бітірген. 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін аяқтады. 

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жұмыс істеді. 

2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі болды.

Ал 2006-2007 жылдары "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 

2007- 2008 жылдары "Credit Swiss (Қазақстан)" компаниясының қаржылық жобалар маркетингі жөніндегі директоры, 2008 жылғы ақпаннан 2009 жылғы мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, 2009 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі, 2010 жылдың наурызынан бастап Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі, 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Индустрия және жаңа технологиялар министрі, 2012 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі, 2014 жылдың 06 тамызынан бастап бүгінге дейін инвестициялар және даму министрі қызметтерінде болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro