Асқарбек Ертаев еңбек министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асқарбек Ертаев еңбек министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды Фото:gov.kz

Асқарбек Ертаев Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асқарбек Ертаев Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР премьер-министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. "Нұр" Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының өнеркәсіп, көлік, байланыс, құрылыс және коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі II санаттағы маман болып бастаған.

2000-2014 жылдары банк саласында әртүрлі қызметте жұмыс істеген.

2014-2021 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің бас сарапшысы, басқарма бастығы, директордың орынбасары, Стратегиялық талдау және даму департаментінің директоры.

2021-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі.

2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Үкіметі Аппараты Экономикалық бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети