Астана әкімінің бұрынғы кеңесшісі Алматыда жаңа қызметке тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімінің бұрынғы кеңесшісі Алматыда жаңа қызметке тағайындалды Фото: Алматы әкімдігі

Алматы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына жаңа басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына жаңа басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы қызметіне Алмас Жанбыршы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Алмас Жанбыршы 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы сәулетші болып бастаған. 2005-2018 жылдар аралығында Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2018-2019 жылдары "Алматыбасжоспар" ғылыми-зерттеу институты" ЖШС директоры болған.

2019-2021 жылдары Астана қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2021-2022 жылдары "Астанабасжоспар" ғылыми-зерттеу институты" ЖШС директоры атанған.

2022-2023 жылдары Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болған.

Осы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети