Астана қаласына жаңа әкім тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласына жаңа әкім тағайындалды

Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Еске салайық, Жеңіс Қасымбек 2019 жылдың қыркүйегінде Қарағанды ​​облысының әкімі болған еді. Бүгін оның қызметінен кеткені белгілі болды.

Жеңіс Қасымбек 44 жаста, Жамбыл облысының тумасы. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын "сәулетші-дизайнер" мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы ҚазБСҚА-да тағылымгер-зерттеуші болып бастаған. 1998 жылы "Темірбанк"ААҚ бас маманы болды.

1998-2000 жылдары - ҚР монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің бөлім басшысы.

2000-2004 жылдары - ҚР ККМ су көлігі департаментінің директоры.

2004 жылдан 2005 жылға дейін - "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМК директоры.

2005 жылғы қарашада Көлік және коммуникация вице-министрі болып тағайындалды.

2009 жылдың наурызынан бастап Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы болды.

2014 жылдың наурызында көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети