Бүгін Астана мәслихатының сессиясында депутаттар Нұра ауданының Жаңа әкімінің кандидатурасын келісті. Ол 44 жастағы Ришат Тұрдыбеков болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Астана мәслихатының сессиясында депутаттар Нұра ауданының Жаңа әкімінің кандидатурасын келісті. Ол 44 жастағы Ришат Тұрдыбеков болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ауданның жаңа әкімі Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша қызметке тағайындалды.
Еңбек жолын 2001 жылы Алматы қаласындағы "Автолизинг Қазақстан" ЖШС компаниясында бастаған. 2005 жылдан бастап Астана қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің, абаттандыру бөлімінің, өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2011 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың наурызына дейін Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Сондай-ақ Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Тұрдыбековтің алдына аудан мен тұрғын алаптарды дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойылды.
Жаңа әкім 2023 жылдың сәуір айынан бастап Нұра ауданының әкімі қызметін атқарған Жүсіп Жұмағұловтың орнына келді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!