Атығай Арыстанов Жетісу облысының полиция басшысы болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атығай Арыстанов Жетісу облысының полиция басшысы болды Фото:polisia.kz

Жетісу облыстық Полиция департаментінің бастығы қызметіне Атығай Арыстанов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облыстық Полиция департаментінің бастығы қызметіне Атығай Арыстанов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы қызметіне полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов тағайындалды. Жаңа бастықты жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев таныстырды", - делінген хабарламада.

Полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов Ғазымбекұлы 1971 жылдың 19 қарашасында Қостанай облысында дүниеге келген. Білімі - құқықтану, құқық қорғау қызметінің магистрі. 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2005 жылы - ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының магистратурасын бітірген.

Ішкі істер органдарында 1992 жылғы желтоқсаннан бастап қызмет атқарады. Еңбек жолын жедел қызметкерден бастап қызмет және жедел жұмыс басшысына дейін әртүрлі лауазымдарда атқарған.

2008-2010 жылдары - Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Бостандық ауданы ішкі істер басқармасының бастығы.

2010-2012 жылдары - Ақмола облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы.

2012-2016 жылдары - Қостанай облысының Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары.

2016 жылы - Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары.

2016-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы.

2019-2021 жылдары - Ақтөбе облысы ПД бастығы.

2021 жылғы 16 қазаннан бастап - Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы. ІІ дәрежелі "Айбын" ордені мемлекеттік марапатының иегері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети