Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа бас директор тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қуаныш Бишімов / "ҚазМұнайГаз" АҚ баспасөз қызметі Қуаныш Бишімов / "ҚазМұнайГаз" АҚ баспасөз қызметі

Қуаныш Бишімов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қуаныш Бишімов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен зауыттың бас директоры (басқарма төрағасы) қызметіне Қуаныш Бишімов тағайындалды.

Қуаныш Бишімов әр жылдары кеден органдарында, ҚР Экономика және сауда министрлігінде, ҚР Индустрия және сауда министрлігінде, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" РМК-да жұмыс істеді. "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ Бас директоры, "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

Бұл тағайындауға дейін "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директоры болды.

ҚМГ басшылығы Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа бас директорының алдына операциялық тиімділікті арттыру, жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемін ұлғайту, өндірістік процестердің сенімділігі мен энергия тиімділігі деңгейін арттыру, экологиялық жобаларды одан әрі іске асыру, 2025 жылы жоспарлы алдын алу жұмыстарын сапалы жүргізу және қызметкерлерге қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау жөнінде нақты міндеттер қойған.

Айта кетейік, компания мәліметінше, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешіміне сәйкес "АМӨЗ" ЖШС бұрынғы бас директоры (басқарма төрағасы) Ғалымжан Жусанбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro