Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген Жарлықта.
Айта кетейік, Айдарбек Сапаров 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красное ауылында туған. Омбы ауыл шаруашылығы институты зоотехника факультетін (1992) зооинженер мамандығы бойынша; М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару факультетін (2006) "Мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.
1983 жылдан - Солтүстік Қазақстан бухгалтерлер мектебінің оқушысы (Петропавл қаласы).
1984 жылдың тамызынан - Калинин атындағы кеңшардың есепшісі (Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Надежка ауылы).
1984 жылдың қазанынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1987 жылдан - Омбы ауыл шаруашылығы институтының студенті.
1992 жылдан - Калинин атындағы ҚС таратушы зоотехнигі, коммерциялық директоры (Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Надежка ауылы). 1995 жылдан - "Ноғайбай" ЖШС директоры, бас директоры (Петропавл қаласы).
2003 жылдан - "Азық-түлік корпорациясы" АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары, 2005 жылдан - бірінші орынбасары (Петропавл қаласы). 2006 жылдың наурызынан - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша облыстық аймақтық басқармасының бастығы, 2006 жылдың қыркүйегінен - облыстық аймақтық инспекциясының бастығы (Петропавл қаласы). 2006 жылдың қарашасынан - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.
2008 жылдан - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының әкімі.
2010 жылдың сәуірінен бері - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.
Еске салайық, бұған дейін СҚО әкімі Құмар Ақсақалов болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!