Бағлан Бекбауов ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бағлан Бекбауов ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Үкіметінің қаулысы бойынша, Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бағлан Бекбауов 1983 жылы Түркістан қаласында туған. Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ-ды бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі - есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету, құқықтану.
Еңбек жолын 2006 жылы жекеменшік компанияда бағдарламашы лауазымынан бастаған. 2008-2016 жылдары "ҰАТ" АҚ құрылымында түрлі лауазымдар атқарған. 2016-2017 жылдары коммерциялық ұйымның техникалық директоры болды. 2017-2020 жылдары - Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары. 2021 жылғы қаңтардан ақпанға дейін "ҰАТ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдың шілдесінен бастап жекеменшік компанияның бас директоры болып жұмыс істеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!