Балқаш қаласына жаңа әкім тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқаш қаласына жаңа әкім тағайындалды Фото:gov.kz

Балқаш қаласында жаңа әкім таныстырылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша бұл лауазымға Сапар Сатаев тағайындалды. Бұған дейін ол Приозерск қаласын басқарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

"Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов Балқаш мәслихатының үшінші, кезектен тыс сессиясына қатысып, қаланың жаңа басшысын таныстырып, оның алдына бірқатар міндеттер қойды. Депутаттар кандидатураны мақұлдады", - делінген хабарламада.

Сапар Сатаев еңбек жолын 2002 жылы бастаған. "Қазақавтожол" РМК-да жұмыс істеді, "Ботақара су қожалығы" КМҚК директорының орынбасары, директордың м.а. болған.

2010 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Әкім ретінде Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара ауылын басқарған.

2013 жылдан 2015 жылға дейін Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласының әкімі болды. Содан кейін Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2021 жылғы мамырдан бастап осы тағайындауға дейін Приозерск қаласының әкімі болған.

Бұған дейін Балқашты басқарған Қайрат Қамзин басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети