Бас прокуратурада жаңа тағайындаулар болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Алмаз Мухаметжанов, Альбина Маутова. Фото: t.me/GenPr Алмаз Мухаметжанов, Альбина Маутова. Фото: t.me/GenPr

Бас прокуратурада жаңа тағайындаулар болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратурада жаңа тағайындаулар болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы бас прокурорының бұйрығы бойынша, бас прокурор аппаратының басшысы қызметіне Мұхаметжанов Алмаз Оралұлы тағайындалды.

Алмаз Мұхаметжанов 1972 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1994 жылы бастап, Қарағанды қаласы Совет ауданы прокурорының көмекшісі, прокуратураның тергеушісі, Қарағанды облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры қызметтерін атқарған.

Бас прокуратурада 1998 жылдан бастап жұмыс істеген, Астана қаласы бойынша ҚСАО басшысы, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары, Бас прокуратураның халықаралық қатынастар департаменті бастығының орынбасары, бас прокурор аппаратының ұйымдастыру – бақылау жұмысы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 2009 жылдың сәуірінен 2012 жылдың ақпанына дейін Әділет министрлігінің НҚА тіркеу Департаментінің директоры болып жұмыс істеген.

2012 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Нормашығармашылық қызметті үйлестіру басқармасының, сосын Департаментінің бастығы лауазымдарын атқарып келген. "Ерен еңбегі үшін" медалі және "Құрмет" орденімен марапатталған, прокуратура органдының құрметті қызметкері.

Бас прокуратураның Нормашығармашылық қызметті үйлестіру департаментінің бастығы болып 1976 жылы туған Альбина Тасболатқызы Маутова тағайындалды.

1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін, еңбек жолын жоғарыда аталған университетте оқытушы болып бастаған. Прокуратура органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етеді. Ретімен Рудный қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің прокуроры, аға прокуроры, Бас Прокурордың көмекшісі, аға көмекшісі қызметтерін атқарған.

2019 жылдың наурызынан бастап қазіргі уақытқа басқарма бастығының орынбасары, одан кейін 2020 жылдан бастап Бас прокуратураның Нормашығармашылық қызметті үйлестіру департаменті бастығының орынбасары лауазымдарын атқарған. "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған, прокуратура органдарының құрметті қызметкері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course down  584.15  course down  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro