Бауыржан Омарбеков ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Омарбеков ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды Фото: primeminister.kz/Бауыржан Омарбеков

Бауыржан Омарбеков ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Омарбеков ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша, Бауыржан Бақытұлы Омарбеков ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Бауыржан Омарбеков 1983 жылы Түркістан облысында туған. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы "Қазкоммерцбанк" АҚ менеджері қызметінен бастаған.

2006 жылдан 2015 жыл аралығында банк жүйесі мен коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.

2015 жылы ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасында басшылық қызметтер атқарған.

2015-2016 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі.

2016-2018 жылдары - ОҚО Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары.

2018-2021 жылдары - Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі.

2021 жылғы ақпаннан қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети