03 маусым 2021 | 11:10

Белгілі журналист Ақордада жаңа лауазымға тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Байтілес. Фото: Берік Уәли/facebook.com Ержан Байтілес. Фото: Берік Уәли/facebook.com

Ержан Байтілес ҚР Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (саяси қызмет) болып тағайындалды. Бұл туралы Берік Уәли Facebook-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ержан Байтілес ҚР Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (саяси қызмет) болып тағайындалды. Бұл туралы Берік Уәли Facebook-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошановтың бұйрығымен Президент Баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі, белгілі журналист Ержан Байтілес бүгіннен бастап ҚР Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (саяси қызмет) болып тағайындалды", - делінген жазбада.

Берік Уәлидің айтуынша, Ержан Байтілес "Ақ жол Қазақстан", "Алматы ақшамы", "Алты Алаш", "Ана тілі", "Егемен Қазақстан" секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілшіліктен бастап журналистиканың барлық сатысынан өткен тәжірибелі қаламгер.

2008-2011 жылдары республикалық "Ана тілі" газеті бас редакторының бірінші орынбасары болды. Кейін республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің меншікті тілшісі болып жұмыс істеген.

2018-2019 жылдары Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары болды.

2019 жылдан бастап Президенттің баспасөз қызметі секторының меңгерушісі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети