03 қазан 2023 14:59

Берік Жүйріктаев Павлодар облысының прокуроры болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/GenPr Фото: t.me/GenPr

Берік Жүйріктаев Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.


Берік Жүйріктаев Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Бас Прокурордың 2023 жылғы 3 қазандағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев ротация тәртібімен Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін 2018 жылдан бастап Алматы қаласының прокуратурасын басқарған. Берік Жүйріктаев 1978 жылы туған, білімі жоғары, "Тұран" университетінің түлегі.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1999 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры, Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 464.72   490.7   5.44 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети