Бүгін Сенат депутаттары Президенттің ұсынысы бойынша Жоғарғы соттың судьясы Берік Нәжімиденовті қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жоғарғы палатаның пленарлық отырысында Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Мемлекет басшысының судьяны қызметінен босату туралы ұсынысын енгізді.
"Берік Нәжімиденов - бұрынғы заңгер. Ол - қаржылық бақылау саласындағы маман. Президенттің 2025 жылғы 26 маусымдағы жарлығымен Берік Төлеутайұлы Әкімшілік істер жөніндегі Конституциялық соттың төрағасы болып тағайындалды", - деді Малахов.
Айта кетейік, Берік Нәжімиденов 2021 жылы Жоғарғы соттың судьясы болып тағайындалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!