Бишімбаев ісі бойынша прокурор жаңа қызметке келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаев ісі бойынша прокурор жаңа қызметке келді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды. Бұл ақпаратты Астана прокуратурасы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды. Бұл ақпаратты Астана прокуратурасы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратураның Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында, Аймағанова қазіргі уақытта Астана прокуратурасының мемлекеттік айыптауды қамтамасыз ету және апелляциялық сатыға қатысу бөлімінің бастығы қызметінде екені айтылды.

Еске салайық, Айжан Аймағанова Instagram желісіндегі парақшасында подполковниктің погонымен ("әділет кеңесшісі" сыныптық шені) киімімен түскен жаңа видеосын жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары Аймағанованы құттықтай бастады.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысына айыптаушы тараптың өкілі - Айжан Аймағанова әділет майоры шенінде қатысқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети