23 шілде 2021 17:49

БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен БҚО әкімінің орынбасары болып Меңдіғалиев Темірхан Жалғасұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен БҚО әкімінің орынбасары болып Меңдіғалиев Темірхан Жалғасұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Темірхан Меңдіғалиев 1973 жылы туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Мәскеу автомобиль-жол институтын "инженер", "инженер-механик" мамандықтары бойынша бітірген.

Темірхан Меңдіғалиев Орал зауытында еңбек жолын бастаған, кейін Орал "Оралавтожол" қазыналық кәсіпорнының бас маманы, Батыс Қазақстан облыстық "Қазақавтожол" бөлімшесінің бастығы болып жұмыс істеді.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Батыс Қазақстан облыстық Автомобиль жолдары басқармасында жауапты қызметтер атқарған. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК мемлекеттік есепке алу департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Тимуржан Шакимов атқарды. Бірақ 2021 жылдың сәуірінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "жол құрылысы мен жөндеу саласындағы бақылауды әлсіреткені үшін" жұмыстан босатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети