Болат Ақшолақов жаңа қызметке келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болат Ақшолақов жаңа қызметке келді Болат Акчулаков. Фото:t.me/KZgovernment

Қазақстанның бұрынғы энергетика министрі, Президенттің бұрынғы кеңесшісі Болат Ақшолақов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бұрынғы энергетика министрі, Президенттің бұрынғы кеңесшісі Болат Ақшолақов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақшолақов KAZENERGY қауымдастығының төрағасы болды. Бұл шешім ұйымның басшылық құрамындағы кадрлық өзгерістерге арналған жиналыста қабылданды.

Бұған дейін Мемлекет басшысының кеңесшісі болып тағайындалған Мағзұм Мырзағалиев KAZENERGY төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеп, бұл қызметке Болат Ақшолақовтың кандидатурасын ұсынды.

"Болат Оралұлы "ҚазМұнайГаз", "Қазатомөнеркәсіп", "Самұрық-Қазына" сияқты ірі ұлттық компаниялардың басшылық қызметтерінде мол тәжірибе жинақтаған. Сонымен қатар ол Қазақстанның энергетика министрі және Мемлекет басшысының кеңесшісі секілді жоғары мемлекеттік лауазымдарды атқарды. Бұдан бөлек, Болат Оралұлы бұған дейін екі рет біздің қауымдастықтың бас директоры қызметін атқарған, оның есімі кәсіби ортада кеңінен танымал", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

KAZENERGY баспасөз қызметінің мәліметінше, қауымдастыққа мүше барлық компаниялар Болат Ақшолақовтың кандидатурасын бірауыздан қолдаған.

Айта кетейік, 13 ақпанда Болат Ақшолақов Президент кеңесшісі қызметінен босатылған болатын. Оның орнына бұл қызметке Мағзұм Мырзағалиев тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети