17 қараша 2022 19:39

Бұрынғы мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке келді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Қырымбек Көшербаев "Ембімұнайгаз" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы компания сайтында хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырымбек Көшербаев "Ембімұнайгаз" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы компания сайтында хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының шешімі бойынша, Қырымбек Елеуұлы Көшербаев "Ембімұнайгаз" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор болып сайланды", - делінген хабарламада.

Қырымбек Көшербаев 1955 жылдың 20 мамырында Қызылорда облысында дүниеге келді. Ол премьер-министрдің орынбасары, баспасөз хатшысы және Президенттің баспасөз қызметінің жетекшісі болып қызмет атқарған еді. Одан бөлек, Көшербаев білім, мәдениет және денсаулық министрі, білім және ғылым министрі болды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Қырымбек Көшербаев мемлекеттік хатшы болған еді. Оған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы болып қызмет еткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram