15 сәуір 2022 | 12:17

Дархан Ахмедиев қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Дархан Ахмедиев қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Дархан Ахмедиев қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Дархан Ахмедиев Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің түлегі, "Болашақ" стипендиясының иегері (King's London college).

Еңбек жолын 2012 жылы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ талдаушысы ретінде бастаған. 2013-2015 жылдары ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде және ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде сарапшы болып жұмыс істеген. Кейіннен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас сарапшысы лауазымына қабылданды.

2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқарма басшысы болып жұмыс істеген.

2019 жылы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының орынбасары болды.

2020 жылы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ІТ даму департаментінің директоры болып тағайындалған.

Әрі қарай, ведомствоның ішкі қайта ұйымдастыру нәтижесінде 2020 жылғы 20 қарашадан бастап ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің директоры болып тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети