Депутат Татьяна Савельева жаңа қызметке тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Татьяна Савельева жаңа қызметке тағайындалды Фото: parlam.kz

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетін депутат Татьяна Савельева басқарады. Бұған дейін комитет төрағасы қызметін жақында ғана қаржы министрі болып тағайындалған Мәди Такиев атқарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетін депутат Татьяна Савельева басқарады. Бұған дейін комитет төрағасы қызметін жақында ғана қаржы министрі болып тағайындалған Мәди Такиев атқарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Парламенттің комитеттері мен комиссиялары туралы" заңға сәйкес, комитет төрағасы Мәжіліс отырысында депутаттар арасынан сайланады.

"Amanat фракциясы атынан қаржы және бюджет комитетінің төрайымы лауазымына Татьяна Михайловна Савельеваны ұсынып отырмыз. Ол осы комитетте жемісті жұмыс істейді, орта буыннан басшылыққа дейін 25 жылдық тәжірибесі бар. Өте жауапты қызметкер, тәжірибелі, тапсырмаларды әрқашан дер кезінде орындайды, қолдау көрсетіңіздер", - деді жалпы отырыста депутат Елнұр Бейсенбаев.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов та Татьяна Савельеваның кандидатурасы туралы оң пікір білдірді. Оған 88 депутаттың 86-сы дауыс берсе, біреуі қалыс қалды, біреуі қарсы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети