08 сәуір 2021 | 15:08

Динара Шаймұратова Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Динара Шаймұратова Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Динара Шаймұратова Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, әкімнің жаңа орынбасары экономика және қаржы мәселелеріне жетекшілік етеді.

Динара Шаймұратова 1978 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. 2000 жылы Алматы технология және бизнес университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірді, ал 2017 жылы Қаржы академиясында экономика және бизнес магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы және Алматы облысының фискалдық органдарында бастады. 2000 жылдан 2004 жылға дейін қаржы полициясы агенттігінде жұмыс істеді. Кейін Динара Шаймұратова 17 жыл бойы Қаржы министрлігінде жұмыс істеп, басшылық лауазымдарды атқарған. Оның ішінде бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасын, қаржыны ішкі әкімшілендіру департаментін басқарды.

2018 жылдан бастап Қаржы министрлігінің Жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаментін басқарған.

Сондай-ақ, облыс әкімінің баспасөз қызметі қаржы басқармасында басшылықтың ауысқаны туралы хабарлады. Ол лауазымға Павлодар облысының Статистика департаментін басқарған 49 жастағы Жеңіс Шақатов тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети