01 сәуір 2024 14:11

Экс-министр Әлібек Қуантыров жаңа қызметке келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Экс-министр Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экс-министр Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Kazenergy қауымдастығының төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ведомствоның ұжымына жаңа басшыны таныстыра отырып, Әлібек Қуантыров әртүрлі жауапты лауазымдарда айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар екенін айтты.

"Kazenergy қауымдастығының төрағасы қазіргі уақытта Қауымдастық алдында маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. Kazenergy - бұл мемлекеттік органдардың, Парламент пен мұнай-газ және энергетика салаларындағы компаниялар арасындағы ірі диалог алаңы болып табылады. Қауымдастық саланың заңнама базасын қалыптастыруда белсенді қолдау көрсетуге және Үкіметпен диалог орнату процесіне қатысуға дайын екенін айтты", - делінген хабарламада.

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған. Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастаған.

2005-2010 жылдары - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2010-2013 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.

2013 ж. - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.

2013-2019 жылдары - ҚР Президент әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.

2022-2024 жылдар аралығында ол ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети