15 ақпан 2023 | 17:14

Елдос Нәшірәлі Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елдос Нәшірәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Елдос Нәшірәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы бойынша, Елдос Бигелдіұлы Нәшірәлі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Елдос Нәшірәлі 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Тараз мемлекеттік университетін, Мэсси университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы жекеменшік компанияда менеджер болып бастады.

2006-2007 жылдары – Тараз әкімдігінде бас маман.

2010-2012 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында жұмыс істеген.

2012-2016 жылдары – ҚР Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы; Баспасөз қызметінің сарапшысы, консультанты, инспекторы.

2016-2018 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры.

2018-2021 жылдары – "Хабар" агенттігі" АҚ басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары.

2021-2022 жылдары – "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" АҚ, "Qazcontent" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының м.а., басқарма төрағасы.

2022 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және протокол департаментінің директоры болып жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети