Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің құрамына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарұлы "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, қазіргі уақытта "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің 8 мүшесі бар, оның 4-уі - тәуелсіз директор. Қор мәліметінше, бұл корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне сай келеді және стратегиялық шешімдерді тиімді қабылдауды қамтамасыз етеді.
Еске салайық, биыл 24 мамырда Президент Ерболат Досаевты Алматы әкімі қызметінен босатты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!